Нәсір Жанболат — мектептің медицина қызметкері. Ол оқушылардың денсаулық жағдайын тұрақты бақылап, профилактикалық жұмыстар жүргізеді және алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Негізгі міндеттері:
• Оқушылардың денсаулық көрсеткіштерін тіркеу және талдау;
• Алғашқы көмек көрсету;
• Ата-аналар мен мұғалімдерге санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
• Эпидемиологиялық маусымдарда алдын алу шараларын ұйымдастыру.
3. Профилактикалық жұмыстар
Мектепте жыл бойы түрлі денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу шаралары өткізіледі.
Атап айтқанда:
• «Денсаулық күні» және «Таза қол – денсаулық кепілі» акциялары;
• Салауатты өмір салты тақырыбында әңгімелер мен бейнероликтер көрсету;
• Дұрыс тамақтану және жеке гигиена ережелерін түсіндіру;
• Дене тәрбиесі және спорттық жарыстарға қатысу арқылы оқушылардың белсенді өмір салтын қалыптастыру.
4. Медициналық тексерулер жоспары
Мектепте оқушыларға арналған жыл сайынғы медициналық тексерулер жергілікті емханамен бірлесе жүргізіледі.
Жоспарға сәйкес:
• Жалпы дәрігерлік қарау;
• Көру, есту, бой мен салмақ өлшеу;
• Тіс дәрігерінің және басқа мамандардың қабылдауы;
• Қан қысымын және жүрек соғу жиілігін бақылау жүргізіледі.
Тексерулердің нәтижесі арнайы журналға тіркеліп, ата-аналарға хабарланады.
