Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Шақпақ негізгі ОМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі

МЕНЮ

2024 жылғы 29 тамызда "Шақпақ" негізгі орта мектеп" КММ  2-9 сынып оқушылары үшін жаңа оқу жылына бағдарлау сабақтары (сынып жетекшілерімен кездесулер, оқу кабинеттермен танысу) өкізілді.

  
Мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.https://www.facebook.com/share/p/1LLh1xx5Va/
 
 
МЕКТЕПКЕ_ЖОЛ_АКЦИЯСЫ-2024 
 
  "Шақпақ" негізгі орта мектеп" КММ 2024-2025 оқу жылында "мектепке жол акциясы" негізінде аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан  29 оқушыға   ҚР мемлекеттік бюджет тарапынан есеп шоттарына 43 475 теңге көлемінде қаражат аударылған болса, 3 оқушыға демеушілір тарапынан мектеп формасы және мектепке қажетті құрал жабдықтар алып берілді. Демеуші болған азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз.
   "Мектепке жол акциясы" жалғасуда.https://www.facebook.com/share/p/169dM2bLoG/
 
 
30-тамыз Конституция күні
"Шақпақ"  негізгі орта мектеп" КММ 
—"Заң және тәртіп",  "Адал азамат"  әділ  қоғам және т.б.  жаңа идеологиялық нормативтер тұрғысынан саяси реформалар  мен негізгі заң нормаларын  түсіндіру  жұмыстары ұжым арасында жүргізілді.Мемлекеттік Әнұранмен бастады.https://www.facebook.com/share/p/16HAb2dxkX/
 
 
«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ » АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН🔔🔔
 
1ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!🎉🎉🎉
 
ҚҰРМЕТТІ МҰҒАЛІМДЕР! Қымбатты оқушылар, ата - аналар! 
Сіздерді бүгінгі 1- қыркүйек Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
 
Бүгінгі мерекелік іс-шарада мектеп директоры Азимбетова Айжамал Абдрайымқызы сөз алып, көптен күткен мереке -БІЛІМ КҮНІМЕН құттықтап,  іс-шараны ашып берді және мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жүрек жарды ыстық лебізін білдірді. 
Сонымен қатар, іс-шарада әннен інжу-маржан шашылып, қыздарымыз қонақтар мен жиынға қатысушыларды өнерлерімен тәнті етті. 
🎉🎉🎉ЖАҢА 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!🎉🎉🎉https://www.facebook.com/share/p/16KhymDLDR/
 
"Шақпақ" негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  сынып жетекшілер 2 — қыркүйек күні «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізді. 
Тәрбиенің негізі – оқыту, тәрбие және дамудың бірлігін қамтитын үйлесімді дамыған тұлға «Толық адам» ұлттық идеалы болып табылады. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры және тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толысуын қамтитын үздіксіз процесс. Тәрбиенің мәні – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Құндылықтар адамның белгілі бір әрекет етуге деген тұрақты сенімін білдіреді және жеке адамның да, бүкіл қоғамның да өркендеуінің негізі болып табылады. Құндылық білім алушының өмірлік ұстанымына, іс-әрекетіне, мінез-құлқына, дүниетанымына және этикалық нормаларды сақтауына әсер етеді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті:
Тәуелсіздік және Отаншылдық
Бірлік және Ынтымақ
Әділдік және Жауапкершілік
Заң және Тәртіп
Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
Жасампаздық және Жаңашылдық
Бұл құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының  негізіне айналады. 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылатын болады.https://www.facebook.com/share/p/1Cga3Rmtct/
 
 
"Шақпақ" негізгі орта мектеп"      КММ           5-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер  күніне орай "Тіл достық кепілі" тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы өтті. 
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. 
Іс-шараның ашылу салтанатында  директор А.Азимбетова,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасар  С.Нускабаева құттықтау тілектерін білдірді. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының өлеңдері оқылып,  танымдық сұрақтар берілді.https://www.facebook.com/share/p/16Nr8hhuqB/
 
 
"Шақпақ" негізгі орта мектебінде 2024-2025 оқу жылына  ата-аналарға арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысының мақсаты:  ата-аналар комитетінің төрайымын,мүшелерін сайлау.Биылға оқу жылының өзгерістерімен бөлісу. 
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды: ата-аналарды мектепішілік тәртібімен таныстыру; баланы мектепке бейімдеу қиындықтарымен және бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына ұсыныстар беру; құқықбұзушылық жөнінде, оқушылардың мектепішілік тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Багила Торебекова, Гаухар Балабекова, Гули Абжалиева есте сақтау қабілеттерін арттыру, жиналысқа деген көңіл күйлерін эмоция арқылы көрсету және кері байланыс  беру сәттерін жүргізді. 5,6,8,9 сыныптардың сынып жетекшілері сыныптағы мәселелері туралы айтты. 
 Мектеп директоры А.Азимбетова сөз сөйледі. Ол барлығын оқу жылының басталуымен құттықтап, ата-аналарды мектепішілік тәртіптемемен және балаларды ыстық тамақпен қамтумен таныстырды. Екінші мәселе бойынша, мектеп психологы Н.Нурматов сөз алып, бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі, бейімделудің психологиялық және физиологиялық жағдайлары және балаға қалай көмектесу керектігі туралы сөз қозғады.
Ата-аналарда өз ұсыныстарын, тілектерін білдірді.  Үшінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Нускабаева сөз алып,  құқықбұзушылық жөнінде баяндама оқыды.Ата-аналарға келісім шарттың ішіндегі барымен таныстырып, қол қойдырды.Кешкі мезгілде көшеге шығуға болмайтындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.https://www.facebook.com/share/p/18faaFUFiF/
 
 
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ"
        Түркістан облысы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "Шақпақ " негізгі орта  мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылында 10.09.2024 күні біріңғай "Адалдық сағаттары"өтілді. 
       Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  1-9 сыныптар арасында  адалдық сағаты өткізілді.https://www.facebook.com/share/p/18T5XwHm6b/
 
 
Қыркүйектің 2 күні мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. 
         Осы орайда, Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "Шақпақ"  негізгі орта мектеп" ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның  экономикалық  бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауына талқылау өткізілді. 
        Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында Әділетті Қазақстанды құрудың негізгі алғышарттарын атаған болатын. Сондай-ақ,  Ел Президенті еліміздің даму барысындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Соның ішінде білім саласы, ондағы мұғалімдердің біліктілігі туралы ұсынысын білдірді.  
        Қасым-Жомарт Кемелұлы қазіргі білім ордаларына  білімді  жас мамандарды тартуды тапсырды. 
Ондағы мақсат – келешек ұрпақтың білімді болып өсуін қамтамасыз ету .     
   «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, еліміздің дамыған елдердің қатарына кіруіне мол мүмкіндік беретін -білім. 
        Мектеп ұжымы өз ойларын ортаға салып, жолдауға оң көзқарастарын білдірді. https://www.facebook.com/share/p/1AYs5E4f1w/
 
 
 
 "Отбасы— тәрбиенің алтын бесігі" 
 
“Шақпақ"  негізгі орта мектебінде Отбасы күніне" орай "Отбасы тәрбиенің алтын бесігі" тақырыбында сынып жетекшілер ұйымдастыруымен отбасылық челлендж өткізілді.
 
Мақсаты: Отбасы құндылықтарын күшейту, ата—ана мен  бала арасындағы қарым—қатынасты 
нығайту, сүйіспеншілігін арттыру болды. Тренинг барысында ата—аналар бала тәрбиесіне байланысты сұрақтарға жауап беріп, балаларының жақсы қасиеттерін ойын арқылы көрсетіп, балаға деген тілегін өлең жолдары арқылы жеткізе білді.
 
 
 
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ-ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ. 
 
"Шақпақ" негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  27.09.2024 жылы "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі"  тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.                                      
   Күн тәртібінде:
.   1.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру Сандугаш Нускабаева 
.     Интернеттегі қауіптер;
.     шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг . Нұрлыбек Нурматов 
.      балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар. Багила Торебекова 
.       әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар. Сымбат Бекназарова 
. 2.Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру және «Құндылықтарға бағытталған тәрбие» 2024-2025 оқу жылының тәрбие жоспарындағы ата-аналардың орны.Сандуғаш Нускабаева. 
3. Ата-аналарға телефондағы қосымшалар мен ойындарды бақылауын қолданғандығы абзал екендігі жөнінде айтылып  IPhone қосымшасында  Screen Time  арқылы ал,  Android қосымшасында Google Family Link қосымшасын телефондарына қондырып беріп қалай қолданатыны жөнінде Г. Балабекова түсіндірді. 
 ✅Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша жауапты мамандар жұмыстар жүргізіп, ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналармен кері байланыс жүргізілді. https://www.facebook.com/share/p/15DGHGtaj4/
 
 
 
"Шақпақ" негізгі орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің, кибербуллингтің,құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, қудалаудың алдын алу  мақсатында 7-9 сынып оқушылар ұйымымен жиналысы өтті. 
     Мақсаты: оқушылардың адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден  аулақ болуға шақыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу.
    Жиналыста оқушылардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала мен қыз балалардың тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл балалар мен қыз балалары өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды. Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. 
Қатысқандар: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары НускабаеваС., ұлдар ұйымының жетекшісі  Е.Амиров, педагог-психологы  Н.Нұрматов.https://www.facebook.com/share/p/1E7PsFhNWN/
 
 
Қазығурт аудандық білім бөліміне қарасты "Шақпақ" негізгібілім беретін мектеп КММ-де тәрбие саласының жұмыс жоспарына сай 1 қазан "Қарттар күні" мерекесіне орай, 30.09.2024ж күні 8 -сыныбының, сынып жетекшісі өз оқушыларымен бірге қарт апалардың шаңырағына барып атаулы мерекемен құттықтап қайтты. Қария апаларымыз қазіргі таңда бірнеше немере мен шебере
тәрбиелеп, отбасының ұйытқысы болып отырған қариялардың ақ батасын алып, өсиеттерін тыңдап, рухани азық, алып келді.
Оқушылар қарияларға өздерінің сұрақтарын койды және тілектерін білдірді. 
 
Мақсатымыз: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.https://www.facebook.com/share/p/16Jiou9WeL/
 
 
 
МЕКТЕП   ПАРЛАМЕНТІ отырысы
"Шақпақ" негізгі орта білім беретін мектебінде  Мектеп Парламенті өзін-өзі   басқару ұйымының үміткерлеріне отырысы өтті.   Жиналыста  аға тәлімгер ұйымның  жылдық жұмыс жоспары мен таныстырды.  
     Қазан айының 04 күні Дублер күні, 18 қазан күні мектеп Парламентінің Президентін сайлауы өтетінін және 21 қазан Президенттерді ұлықтау рәсімі өтетінін айтып, жоспар нақтыланды.  
     Мектеп президентін сайлау жұмыстары бойынша хабарландыру жұмыстары жүргізілді.https://www.facebook.com/share/p/1HwaZkf1fv/
 
 
 
 
Адамның тұлға боп қалыптасуы — ұстаз еңбегінің жемісі. Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған баланың таудай азамат болуына мектептегі мұғалімнің тигізген үлесі зор.  Осы орайда "Шақпақ" негізгі орта мектебін бітіріп кеткен түлектердің,  білім берген ұстаздарына арналған әсерлі тілектер топтамасын ұсынамыз.https://www.facebook.com/share/p/19NuT29cVD/
 
 
 
 
АЛТЫН САҚА
 
Бастауыштың 3-4-сынып оқушыларына арналған республикалық "Алтын сақа" математикалық пән олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 3-4-сынып оқушыларынан 19 оқушы қатысты. Ауданға жіберілетін оқушыларды анықтау үшін математика және бастауыш пән мұғалімдерінен комиссия түзілді. Біздің мектептің болашақ математиктеріне, сәттілік  тілейміз.https://www.facebook.com/share/p/16EfxNkaxm/
 
 
 
 
"Шақпақ" негізгі орта  мектебінде 04.10.2024 жылы мұғалімдер күніне орай,  8,9-сыныптардың жетекшілері Г.Абжалиева, Б.Торебекова оқушыларымен  "Ұстаз деген- жарық күні ғаламның"  тақырыбында  тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды ұстазды  құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру , мұғалім еңбегін бағалай білуге үйрету, ұстаздардың кәсіби мерекесін ұлықтау;  https://www.facebook.com/share/p/1HdcP3soZS/     
 
 
 
«Шақпақ»  негізгі  орта  мектеп» КММ «Жасөспірімдер  арасында   дін   саласында  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету,  діниэкстремизмнің,  теріс  пиғылды  діни  ағымдардың  алдын  алу»  мақсатында Қасымбай ата мешітінің молдасы Пахиров Жаңбырбай  молда ауыл қариясы Қ. Нұрматов  қатыстырылды. Мектептің 7,8,9  сынып оқушылары   мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.https://www.facebook.com/share/p/1BmEKYhGDR/
 
 
 
"Шақпақ" негізгі орта мектеп" КММ
 жасөспірімдердің құқықбұзушылықтың,  зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдердің арасында түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 
"Рухани қауіпсіз болашағының кепілі" аясында кездесу кеші өтті.https://www.facebook.com/share/p/1CkqbC92vY/
 
 
 
Рақымжан Қошқарбаев (1924-1988жж)- Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, халық қаһарманы. Тек 62 -жылдан кейін ғана, Рақымжан Қошқарбаевтың взводында “Бірінші дәрежелі  Ұлы Отан соғысы” ордені табыс етіледі. Қазақ  халқының  қаһарман  ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың   100 жылдық мерейтойына орай ,”Шақпақ ” негізгі орта мектебінде 2024 жылдың 14  қазан күні 
“Рахымжан Қошқарбаев - Рейхстагқа тігілген ту” тақырыбында біріңғай тәрбие сағаты болып өтті. 
    Мақсаты: Тәрбие сағатында оқушыларды шығармашылыққа,  ізденімпаздыққа  баулуға, елін,  жерін қорғай  білуге  ерлікке,  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу бағыттары баяндалды.https://www.facebook.com/share/p/15q4EAKR2F/
 
 
 
 
15.10.2024жылы Түркістан облысы Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты "Шақпақ" негізгі  орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде :
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және кәмелет жасына толмағандарға жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерте-жүктілік өз-өзіне зақымданған (аутоагрессия), аутодеструктивті мінез құлық , СӨСҚ бойынша түсіндіру және күресудегі іс-шараларды Қазығұрт ауданының жергілікті өкілдігі және атқарушы органдарымен өзара мекемеаралық іс-қимылдарды жүзеге асыру Меморандумы негізінде құралған топ мүшелері: Аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскері Құралбаева Гүлсара, аудандық білім бөлімінің әлеуметтік педагог әдіскері Шертай Мадина, Қазығұрт АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ  полиция аға лейтенанты  Кенжалиев Бекжан, Жастар орталығының инспекторы  Салтахов Нұртаза, 7-9 сынып оқушыларымен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тақырыпқа сай видеороликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар қойған сұрақтарға топ мүшелері сала бойынша жауап беріп,оқушылар да өз ойларын ашық айтты.https://www.facebook.com/share/p/1BeYNJ8C6N/
 
 
 
 
Ақырын жүріп, анық бас!
 
Сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қазіргі таңда саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдерге ортақ. Бүгінде Қазақстанда сыбайла сжемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілген, сыбайлас жемқорлықты жою жән еоның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізілуде . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» түсініледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлаc жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсендіа заматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм жәнес ыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ. Талай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс.https://www.facebook.com/share/p/15gM1P5RJy/
 
 
 
 
"Шақпақ" негізгі орта мектебінде 1-8 сынып оқушылары арасында көркем еңбек пәні мұғалімдері С. Нускабаева мен Багила Торебекованың ұйымдастыруы мен сурет байқауы өтті. 
Ондағы мақсат оқушылардың көркем еңбекке,  туған елге деген сүйіспеншілігін ояту.https://www.facebook.com/share/p/1DzvxEEczC/
 
 
 
 
"Шақпақ"  негізгі орта мектебінде "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен олардың қадағалаусыз және панасыз қалуы мен тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алу болдырмау туралы" Қазығұрт АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Б. Кенжалиев пен кездесу кеші өтті.https://www.facebook.com/share/p/1NpUKx4Ckp/
 
 
 
 
"Шақпақ" негізгі орта мектебінде "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында "Мамандықтар әлемі" тақырыбында 9-сынып оқушылар арасында дөңгелек үстел өтті.https://www.facebook.com/share/p/1FErw39dSk/
 
 
 
 
" Шақпақ' негізгі орта мектебінде "Ырым-тиым- әдептілік негізі"  тақырыбында Даналық мектебі клубы мен бірлесе 1-9 сыныптар бірлесе дөңгелек үстел өтілді.https://www.facebook.com/share/p/1DoK58t49n/
 
 
 
"КҮЗГІ ЖӘРМЕҢКЕ" өткізілді
 
     "Шақпақ" негізгі орта мектебінде      « Күзгі жәрмеңке» тақырыбында күз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара өткізілді. Күз байлығына толы жәрмеңке ата- аналар дайындаған тағамдардың түр-түрлілігімен таң қалдыруда. Ұйымдастырылған жәрмеңке үлкен үзілісте өткізілді.        
    
    Аталмыш жәрмеңкеге мектеп ұжымыда белсене ат салысты. Мұндағы мақсаты:Мектеп оқушыларын шығармашылық жұмысқа баулып, олардың рухани дамуына әсер ету.Күз – молшылық мезгілі. Сол арқылы балаларға еңбектің, молшылықтың қадірін түсіндіру. Мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.https://www.facebook.com/share/p/1CoSWc8ev4/
 
 
 
"Шақпақ" негізгі орта мектебінде   " Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс" тақырыбында 7-9 сынып оқушылары аралығында эссе байқауы өткізілді. 
Мақсаты: оқушыларға өмірде  ата-анаға,  досқа адал  бола  білуге  баули  отырып,  әр адамның  адал  ісі  мен  адамдығы  көрінетінін  білуге  тәрбиелеу. https://www.facebook.com/share/p/15shmagRiT/
 
 
 
МАМАНДЫҚТАР  ӘЛЕМІ
   
✅2024жылдың  қазан айының 07 күні   мектепте 9- сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі» атты дөңгелек үстел  өткізілді.  
 
✅Кәсіби бағдар беруші педагогы Г.Балабекова ұйымдастыруымен өткізілген іс- шараға арнайы келген қонақтар өзіміздің  мектепті бітіріп кеткен әр салада қызмет етіп жүрген түлектеріміз қатысты.
 
✅Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау.
 
✅Міндеті: Мамандықтарды талдай және таңдай білуге,оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету, оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет және оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.https://www.facebook.com/share/p/1AViGkZALb/
 
 
 
 
Ағылшын тілінен аударғанда “bullying” "кемсіту", “келемеждеу”, “қорлау” деген мағынаны білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, буллинг дегеніміз – адамның өзгеге күш көрсетуі, қорлауы. 
 
Мектептегі буллинг қайдан пайда болады?
 
Психолог буллингтің кез келген түрі қауіпті екенін айтады. Маманның сөзінше, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады.Осыған орай"Шақпақ"  негізгі орта мектебінде ДТІЖО С.Нускабаева мен педагог-психолог Н.Нұрматовтың ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында "Буллинг және кибербуллинг құрбаны болудың алдын алу, түрлі қауіптер" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Жасөспірім кезеңдегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмыстарын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.https://www.facebook.com/share/p/15vVQW5dwU/
 
 
 
Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ
 
     Мектебімізде Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатын «Адал Ұрпақ» және "Саналы ұрпақ"  ерікті мектеп клубы құрылған. Клуб сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу бағытында жұмыстарды атқаруда.
      18 қазан күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында  9-сынып жетекшілесі Г. Абжалиеваның ұйымдастыруымен эссе жаздырды.
Мақсаты: 1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру.
2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.
 
 
 
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы 
13-қазан күні «Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жұмыс жоспары аясында 2- сынып ата-аналарымен  Бүкіл отбасы үшін дұрыс тамақтану ережелері тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Мақсаты:  баланың физикалық және психикалық дамуындағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын ашу, дұрыс тамақтанбауға байланысты әртүрлі аурулар және олардың салдары туралы түсініктерін кеңейту.   2,6 сынып жетекшілері Ж.Ибракова мен С. Алдешова дұрыс тамақтану ережелері мен дұрыс тамақтанбаудың адам денсаулығына тигізетін зардабы туралы  айтып өтті.https://www.facebook.com/share/p/1BJ45dWw2W/
 
 
 
«Сапалы ұйқы-балалардың дамуы мен денсаулығының      іргетасы » тақырыбында 1,5 сынып ата-аналарымен
жиналыс өткізілді.
    27.09.2024ж жоспар бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы аясында «Сапалы ұйқы-балалардың  дамуы мен денсаулығының іргетасы » тақырыбында 1,5 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. 
Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау 
факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру.
Жауапты бастауыш сынып  мұғалімі Қалдыбекова Асел мен Г. Балабекова өткізді.https://www.facebook.com/share/p/16HpdXpoKW/
 
 
 
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» сенбілік өткізілді. 
 
  Түркістан облысы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "Шақпақ негізгі орта мектеп" КММ-де  «Таза Қазақстан» атты  22.10.2024 ж күні  сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Мектептің барлық кіші қызметкерлері мектептің  ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. 
 
 🍃Сенбілікті өткізудегі басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау;https://www.facebook.com/share/p/1DrXhPMAWq/
 
 
 
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Шақпақ"  негізгі орта мектебі 25- қазан  - Республика күніне орай    «Қазақ елі менің - Отаным» тақырыбында 1-9
оқушылары арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып оқушылары республика күніне арнап трендтер түсірді, плакаттар шығарды,  ел, жер туралы өлең жолдарын жатқа айтып, сынып сағатына белсене қатыса білді.
 Мақсаты: Ұлттық мереке 25  қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту көзделді.https://www.facebook.com/share/p/1659ud9QN5/
 
 
 
 АЛТЫН КҮЗ-2024🍁🍁                                                                                            
 
Қазығұрт Ауданы Білім Бөліміне қарасты "Шақпақ" негізгі орта мектебінде, "Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 15-қараша күні  7-9сынып оқушылары арасында  «Күзгі балл-2024»   мектепішілік  іс- шараны ДТІЖО Сандугаш Нускабаева  тәлімгер Багила Торебекова ұйымдастыруымен өз дәрежесінде өтті.
 Бұл іс-шара оқушыларға күз кереметтерін көрсету, оқушылардың бойына сахналық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып,  күз мезгіліне байланысты  дайындаған қол өнерлерін таныстырды.                                🔰 Қазылар алқасының шешімімен күз   ханшайымы  👑 9-сынып оқушысы  Ермек Гүлсана, 👑 күз ханзадасы 7-сынып Ермек Нұрахмет жеңіп алды. 
Сайыс нәтижесінде:
Бас жүлде 7-сынып оқушылары, 
1- орын 8- сынып оқушылары, 
2- орын 9- сынып оқушылары, орын иелері марапатталды. Барша марапат иелерін құттықтаймыз.https://www.facebook.com/share/p/1CBSzGS83c/
 
 
 
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» 
 
  Түркістан облысы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "Шақпақ" негізгі орта мектеп" КММ-де  «Таза Қазақстан» атты  02.11.2024 ж күні мектеп ауласында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Мектеп еріктілері мен кіші қызметкерлері мектептің  ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. 
 
 Сенбілікті өткізудегі басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау;https://www.facebook.com/share/p/1EmgM7RQTe/
 
 
 
БІЛІМНІҢ БАСПАЛДАҒЫ БАСТАУЫШТАН БАСТАЛҒАН 
 
"Шақпақ"  негізгі орта мектебінде «Білімнің баспалдағы - бастауыштан   басталған» атты  онкүндіктің аясында 25.11.2024 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С. Қарабалаев 2-4 сынып арасында ұлттық ойынның түрлерін атап өтті. Ұттық ойындардың бірі түрі асық ату ойыны. Асық ату ойынын сынып арасында жарыстырды. Мақсаты: Асық ойнынымен танысып, ережелерін сақтап, ойнаудың өзіндік сырларының (техникасының) ұстау, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.
 
Қалыптастырып - түзету міндеттері: Қазақтың ұлттық ойынын жаңғыртып, меңгерту.
 
Білім беру - түзету міндеттері: Асық ату ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асықты үй жануарларынан алатынымызды дәлелдеу.
 
Тәрбиелеу-түзету міндеттері: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке баулу. Балаларды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу.https://www.facebook.com/share/p/1AHJJi6Ntt/
 
 
 
"Зорлық зомбылықсыз балалық шақ" бойынша мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен жиналыс өткізілді. 
 Мақсаты:  Оқушыларға заң бұзушылықтың салдары,қоғамдағы мінез-құлық ережелері және заң бұзушылықтың алдын алу туралы айтылды. әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керек ұрлық, төбелес, есірткі мен алкогольді пайдалану, бұзақылық, кәмелетке толмағандардың ата-анасыз немесе заңды өкілдерсіз кешкі сағат 22:00-ден кейін үйден тыс жерде болуы сияқты құқық бұзушылықтардың негізгі түрлері талқыланды. Оқушыларға құқық бұзушылықтың нақты жағдайлары мен олардың салдары туралы мысалдар айтылып, тіпті Заңның кішкене бұзылуы өздері мен айналасындағылар үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсіндірілді.https://www.facebook.com/share/p/1WtfWiGSkP/
 
 
 
 
"Шақпақ " негізгі орта мектебінің  кітапханасында “Оқуға құштар мектеп ” жобасы бойынша жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардың бойында кітапқа  деген  құрмет  пен  оқуға  құштарлық артқаны байқалады.
Асел Қалдыбекованың  жетекшілігіндегі 4-сынып оқушылары  "Күлше қыз" ертегісін өте қызықты етіп көрсете білді. Ертегі кітаптарын сүйіп оқитын оқырмандар кейіпкерлердің рөлін керемет алып шықты. Ата-анамен жүргізілген жүйелі  жұмыс . https://www.facebook.com/share/v/161xQSEyym/
 
 
 
“Нашақорлыққа жол жоқ ”
 
 “Нашақорлыққа жол жоқ ” тақырыбында 6-сынып оқушыларына түсіндірме жұмысы жүргізілді. 
Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың адам ағзасына тигізер зиянды әсері және өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер зияны туралы түсінік беру.
Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу және жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау.https://www.facebook.com/share/p/1A8ew4NwT1/
 
 
 
 
Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты "Шақпақ" негізгі орта мектебінде "Зорлық- зомбылықсыз 16 күн" атты республикалық акциясы аясында "Бақытты ана- бақытты бала- бақытты ел" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.  Ата-аналарға зорлық-зомбылықтың түрлері айтылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Ата-аналарға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Ата-аналарға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
 
 
 
 
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы "Шақпақ" негізгі орта  мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылында «Гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық акциясы, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік  белсенді іс-қимыл» атты науқан өткізу жөніндегі іс-шаралар  жоспары аясында  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» ұранымен сурет көрмесі ұйымдастырылды.https://www.facebook.com/share/p/1AHs52pY98/
 
 
 
 
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты"Шақпақ" негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог ұйымына "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" тақырыбында мектеп директоры А.Азимбетова түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
    Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіруден алдын алу мақсатында кезектен тыс жиналыс өткізілді. https://www.facebook.com/share/p/1HU78xvrvs/
 
 
 
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Шақпақ негізгі орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылында «Гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық акциясы, «Бақытты отбасы» атты науқан өткізу жөніндегі іс-шаралар  жоспары аясында  ата-аналармен тренинг ұйымдастырылды. 
Кездесу барысында "Бұл кішкентай бүлдіршіндерді  әлемнің барлық зорлық-зомбылықтарынан қорғайық" деген жаднаманы жан жақты талқылап, ата-аналарға  таратылды.https://www.facebook.com/share/p/19A1egZfDj/
 
 
 
 
"Шақпақ"  негізгі орта мектебінің  4 сыныптың  жетекшісі:   Асел Қалдыбекова  " Гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16-күні" халықаралық акциясын өткізу барысында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ » атты тақырыбында сынып сағатын өтті. 
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс  белгілерімен, түрлерімен таныстырып шықты.https://www.facebook.com/share/p/1ACZSKiBRR/
 
 
 
05.12.2024 ж
 Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Шақпақ" негізгі орта  мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  «Гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық акциясы, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік  белсенді  іс-қимыл» атты науқан өткізу жөніндегі іс-шаралар  жоспары аясында  3,4 сынып  оқушылардың  қатысуымен флешмоб орындады.https://www.facebook.com/share/p/18qq5HUW25/
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы "Шақпақ" негізгі  орта  мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024-2025 оқу жылында «Гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық акциясы, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік  белсенді   іс-қимыл» атты науқан өткізу жөніндегі іс-шаралар  жоспары аясында «Бақытты отбасы балалар көзімен» тақырыбында мектеп оқушылары арасында шығарма жаздыртып, оқушылар жазған шығармаларынан Үйдің суретін құрастырды.
«Гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық акциясы, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік  белсенді   іс-қимыл» атты науқан өткізу жөніндегі іс-шаралар  жоспары аясында педагог – психолог Н. Нұрматов "Хабарласыңыз!  Көмектесеміз!" айдарымен оқушылармен ашық әңгіме жүргізілді.https://www.facebook.com/share/p/1Gg5TKgmM1/
«Гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық акциясы, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік  белсенді   іс-қимыл» атты науқан өткізу жөніндегі іс-шаралар  жоспары аясында "Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз! атты трендhttps://www.facebook.com/share/v/1C1BRESf1F/
 
 
 
 
"Шақпақ" негізгі орта мектеп" КММ-де , Қазығұрт аудандық білім бөлімінің, 10.12.2024ж, күні жолданған, номері 1622-санды хатын басшылыққа ала отырып, 2024-2026 жыл аралығында Суды үнемдеу жол картасының 5.2 тармағын орындау мақсатында , сондай-ақ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Су ресурстарын қорғау"- тақырыбында 9-сынып  оқушыларына, сынып жетекшісі Г.Абжалиева ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға суды үнемдеп пайдалануды және қорғауды үйрету.
Видео роликтер қойылып, артынан оқушылар суды үнемдеу жөніндегі рольдік қойылымдарды сомдады. Сусыз тіршілік жоқ екендігін оқушылар ұғынды.https://www.facebook.com/share/p/1FpsBLh5hf/
 
 
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты “Шақпақ" негізгі орта мектеп”коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8-сынып жетекшісі Б.Торебекова оқушыларға су үнемдеу мәдениетін тәрбиелеу мақсатында "Су өмірдің мәні" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: Судың маңызды табиғи ресурс екендігі жөніндегі білімдерін жүйелендіру,оларда тіршілік көзі ретінде суды тұтыну мен суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру.https://www.facebook.com/share/p/1A5fqqyKsH/
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты "Шақпақ"  негізгі орта мектебінде 3- сынып жетекшісі  Жибек Калмуратова оқушыларына "Су- тіршілік көзі" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Экологиялық тәрбиенің құрамдас бөлігінің бірі - суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру мақсатында “Судың маңызы және оны қорғау” атты видеоролик ұсынды.
       Су – өміріміздің негізі, табиғаттың ең үлкен байлығы. Оны қорғау – баршамыздың міндетіміз. Бұл видеороликте судың маңызы мен оны сақтау жолдары туралы маңызды ақпаратпен бөлістік. 
      Табиғатты аялау – келешек ұрпаққа таза өмір қалдырудың кепілі, сондықтан көріп, пікір қалдырыңыз және суды үнемдеп пайдалану, су ресурстарын ұтымды басқару жолында өз үлесіңізді қосыңыз!https://www.facebook.com/share/p/15EuZbdkHG/
 
 
 
 
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты "Шақпақ"  негізгі орта мектеп" КММ-де "16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 33 толуына орай "Дені сау ұрпақ ел ертеңі" тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімі Салдарбек Қарабалаев  спорттық сайыс өткізілді. 
   Бос уақыттарын тиімді пайдалану, спортпен айналысу, және  оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету мақсатында жүргізілді.      
    Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.  Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.https://www.facebook.com/share/p/18WRb6BBvG/
 
 
 
16  ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
 
    Тәуелсіздік, еркіндік, азаттық- ежелден елдің тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы ғасырлық күресі. Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ, бақыт. Осы атаулы күнге арнап "Шақпақ" негізгі орта мектебінің 3-сынып жетекшісі Асел Калдыбекова  оқушыларымен "ТӘУЕЛСІЗДІК- ел тұғыры" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 
   📕Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік  алғанға дейінгі тамыры терең  тарихымен және бүгінгі жетістіктерімен таныстыру. Өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 
   📕Сабақ барысында оқушылар Желтоқсан оқиғасынан және Тәуелсіздік таңы атқан күнінен көрініс көрсетіп , би билеп, өлеңдерін оқып, өз өнерлері  мен білімдерін, белсенділіктерін көрсете алды.
   📕Келешекте оқушыларым бір- бір мамандық иесі болып Тәуелсіз еліміздің даму жолында  өз үлестерін қосады деп сенеміз. 
   📕 Тәуелсіздік - баға жетпес бағымыз,
         Қымбаттанда ең қымбат барымыз.
         Тәуелсіздік - білектегі әліміз,
          Тәуелсіздік - жүректегі әніміз. Тәуелсіздік  еліміз мәңгі жасасын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!https://www.facebook.com/share/p/1FmUqUVCAB/
 
 
"ТӘУЕЛСІЗДІК- ТЕҢДЕСІ ЖОҚ   БАЙЛЫҒЫМ" СЫНЫП САҒАТЫ
 
 "Шақпақ"  негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мектебіміздің 5-сынып жетекшісі Гаухар Балабекова ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында" "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
 
✔️🇰🇿Сынып сағаты барысында оқушылар Тәуелсіздікті мақтан тұтты.   QR код арқылы оқушыларға сұрақтар, мақал мәтелдер сияқты тапсырмалар берілді. Өлең шумақтары мен арнауларын тарту етті. 
 
✔️🇰🇿Мақсаты: оқушыларға біздің ата бабаларымыз аңсаған арманы орындалып, қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанғанын айта отырып, ой өрісін,санасын ояту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
 
✔️🇰🇿 Сынып сағаты барысында оқушылар Тәуелсіздікті мақтан тұтты.  Өлең шумақтары мен арнауларын тарту өтті.https://www.facebook.com/share/p/15XgR3VpVo/https://www.facebook.com/share/v/1AGiLFpJaN/
 
 
 
Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты "Шақпақ " негізгі орта мектебінде «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
16 - желтоқсан  - Тәуелсіздік күніне орай еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, салт - дәстүріміз бен адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткіншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мектебіміздің жас өрендері  салтанатты түрде қабылданды.https://www.facebook.com/share/p/18sfwRA52h/
 
 
 
 
Құндылықтарға бағыттау мақсатында Шақпақ негізгі орта мектебінде тәрбие саласының 10 күндігіне орай 1-9 сынып арасында өтетін "Өнегелі бір күн" тақырыбында отбасылық онлайн сайысы ашық деп жариялаймыз. 28- қаңтар күні сағат 18:00 де аяқталады.https://www.facebook.com/share/p/14FRz7Vrd4q/
 
 
 
 
Құндылықтарға бағыттау мақсатында Шақпақ негізгі орта мектебінде тәрбие саласының 10 күндігіне орай 1-9 сынып арасында өтетін "Мен оқыған бір кітап" тақырыбында  онлайн сайысы ашық деп жариялаймыз. 28- қаңтар күні сағат 18:00 де аяқталады.https://www.facebook.com/share/v/1BrHq5hxAp/
 
 
 
 Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты "Шақпақ " негізгі орта  мектеп"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5--9 сыныптарымен 27.01.2025 ж күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша "Заң мен тәртіп сақтаудағы" Менің үлесім" тақырыбында бірыңғай адалдық сағаты  эссе жазылды.
Мақсаты: құқықбұзушылықпен күресу және тәртіпті сақтаудағы жастардың өзіндік бағдарын анықтауына жол көрсететін тәлім-тәрбие  беру.https://www.facebook.com/share/p/1Ef9GDgpBm/
 
 
 
Түркістан облысы, Қазығұрт  ауданы, «Шақпақ» негізгі  орта  мектеп» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарының жылдық жоспарына сай «Өнегелі өмір- ұрпақ тәрбиесінің негізі» тақырыбындағы мектепішілік тәрбие саласы онкүндігінің аясында  "Интернетсіз бір күн" тақырыбында  мектепішілік 7,8,9- сыныптар арасында дебат өтілді. Мақсаты- бұл күні тек «нақты» әлемде өмір сүру, басқа адамдармен тек «тірі» сөйлесу немесе оны интернетке қатысы жоқ сүйікті хоббиіне арнау үшін жастарды компютерлермен ғаламдық желісінен алшақтау.Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады.Бірақ ғаламтордың пайдасымен қатар зияны да бар екендігін  ойдан шығаруға болмайды.https://www.facebook.com/share/p/1HSX4budow/
 
 
 
Түркістан облысы, Қазығұрт  ауданы, «Шақпақ» негізгі  орта  мектеп» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасарының жылдық жоспарына сай «Өнегелі өмір- ұрпақ тәрбиесінің негізі» тақырыбындағы мектепішілік тәрбие саласы онкүндігінің аясында  әкелер мен ағалар мектебімен бірлесе "Әке жолы – ізгі жол" тақырыбында  байқау өткізілді. Онда әкелер мектебінің төрағасы Д.Пернешов пен ағалар клубының жетекшісі О.Ташқұл қатысты. 
Мақсаты:Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой — пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.https://www.facebook.com/share/p/1Fd39wbtdw/
 
 
 
 
 Өнерлі қыз, өнегелі келін!
 
Шақпақ негізгі орта мектебінде ұлағатты дәстүрді дәріптейтін "Өнерлі қыз, өнегелі келін" атты байқау өтті. Бұл шарада қыздар мен жеңгелері өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық тағамдар, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді.
 
Қатысушылар "Арулар", "Аққулар", "Қызғалдақ" болып үш топқа бөлініп, білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Байқау өте тартысты өтіп, "Аққулар" тобы жеңіске жетті!
 
Әділқазы алқасында әжелер алқасы Хадиша мен Баян әжелер мен мектеп басшысы Айжамал Азимбетова апай және Фатима Бейсебаева ата-ана төрелік етті.
 
Осындай шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттап, өскелең ұрпаққа тәрбие мен тағылым беретіні сөзсіз!
 
✨ Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз! ✨https://www.facebook.com/share/p/16ArgpSNJM/
 
 
 
Өнегелі өмір – ұрпақ тәрбиесінің негізі
 
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Шақпақ негізгі орта мектебінде "Өнегелі өмір – ұрпақ тәрбиесінің негізі" тақырыбында онкүндік байқауы өтуде. Бұл шараның ұйымдастырушылары – мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұсқабаева Сандуғаш және еңбек пәнінің мұғалімі Бағила Төребекова.
 
Онкүндік аясында "Өнегелі бір күн", "Мен оқыған бір кітап", "Әкем – қамқоршым", "Өнерлі қыз, өнегелі келін" сынды мазмұнды да тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізілуде. Әрбір шара оқушыларға ұлттық тәрбие беріп, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
 
Осындай маңызы жоғары тәрбиелік шараларды ұйымдастырған ұстаздарға зор алғысымызды білдіреміз! Ұстаз еңбегі әрқашан шәкірт жүрегінен орын тауып, ұрпақ тәрбиесіндегі өнегелі істеріңіз жалғасын таба берсін!https://www.facebook.com/share/p/16LS4nfYGr/
 
 
 
 
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "Шақпақ" негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаңтар айының "Ұлттық фильм" айы болуына байланысты  "Менің атым Қожа " фильмі көрсетілді. 
   Фильмге өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ ауылының өмірі арқау болған. Басты кейіпкері Қожа ақылды, сонымен бірге бұзық, әкесіз өскен бала. Фильм барысында ол көп нәрсеге ұрынады. Ғашық та болады, төбелеседі де, бұзықтық та жасайды, сабақтан да қуылады, жиналыста тәртібі де қаралады, мектептен қуылуға шақ қалады. Ол тәртіпсіздіктерге кейде саналы түрде, кейде білместікпен барады. Дегенмен ол оншалық ессіз бала емес. Сондықтан болар, осы күнге дейін жұртшылықтың сүйікті кейіпкері саналады.
 
Фильмде қазақы ауылдағы аналық, әжелік мейірімді, пионерлер өмірін, сол заманғы қоғамдық тәртіпті сезіне аласыз.https://www.facebook.com/share/p/1CMzvv6UUA/
 
 
 
 "Шақпақ" негізгі орта  мектебінде «Адалдық — ардың ісі» тақырыбында 5- сынып оқушыларына сынып жетекшісі Г.Балабекова  тәрбие сағатын өтті. 
Мақсаты: Оқушыларға адалдықтың, шыншылдықтың және әділдіктің маңыздылығын түсіндіру, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Адалдықтың өмірдегі мәні мен рөлін түсіндіру.
2. Шыншылдық пен адалдықтың адамгершілік қасиеттер екендігін ұғындыру.
3. Оқушылардың өз пікірлерін білдіру және өзара талқылау арқылы адалдыққа деген жауапкершіліктерін арттыру.
4. Оқушыларды адал болуға, өтірік айтпауға тәрбиелеу.
Тәрбиелік мәні бар бұл сағат барысында балалар өз ойларын ортаға салып, адалдық пен шыншылдықтың адам өміріндегі орнын терең түсінді.
 
 
 
 СЕМИНАР: «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ  АЯСЫНДА   «ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕ  ТӘРБИЕ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР» 
 
🎗2025 жылдың  ақпан  айының 26   күні Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты  «Шақпақ» негізгі орта мектебінің базасында «Біртұтас тәрбие » бағдарламасы аясында «Заманауи мектепте тәрбие қызметін ұйымдастырудағы инновациялық әдістер»  тақырыбында аудандық  семинар  өтті.
 
🎯Семинардың мақсаты: Педагогтерге қазіргі заманғы инновациялық әдістерді таныстыру, оларды тәрбие жұмысында  тиімді қолданудың жолдарын көрсету, сондай-ақ баланың тұлғалық дамуын арттыру үшін заманауи тәсілдер мен технологияларды енгізу қажеттілігін түсіндіру.
 
🔰Семинарға білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі  А.Шерова, мектеп директоры А.Азимбетова     ашып  беріп  сөз сөйледі. Аудан мектептеріндегі  42 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  қатысты.
                      
🌐Ең алдымен  семинарға  келген  қатысушыларды қарсы алып, ұйымдастырушылар мектептің тыныс тіршілігімен таныстырды.
Ж.Калмуратова «Адалдық асыл қасиет»,А.Қалдыбекова, А.Джумабаева , Г.Артықова , Б.Торебекова  ашық  сабақтар өтті.
Б.Үсіпбаев  және С.Нұсқабаева «Құндылықтар мен мінез- құлықты тәрбиелеуде оқу мен тәрбие бірлігі» тақырыбында   шебер сынып өтті.
 
✳️Н.Нұрматов «Рухы биік әкелер-ұлт болашағын мәпелер» атты мектебінің жұмысын таныстырды.Ж.Құрбанов және Б.Жүнісов әкелер мектебінің жұмысын дәріптеді. Жігерген а/о «Әжелер» алқасы мектеп оқушыларына қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттады.( Алаша тоқу,кілем тоқу, күбі пісу, құрт ,жент жасау, диірмен тарту, әжемнің ертегісі).
 
🖇Семинар соңында  А.Шерова  семинардың өтілу барысына  кері байланыс жасап,  қорытындылап  аяқтады.https://www.facebook.com/share/p/1E9PjgMRMT/
 
 
 
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ҚАТЫСТЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ.
 
Айтып келмейтін апаттан адам шығынын болдырмау, алдын алу шараларын мекемелерде, әсіресе, білім беру ошақтарында тиісті деңгейде ұйымдастыру аса маңызды. Өйткені, жалпы орта мектептердің оқушылары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері кез-келген апатты жағдайда өзін жоғалтып, қауіпті жағдайларға ұшырауы әбден мүмкін.
 
Міне, мұндай олқылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Шақпақ" негізгі орта мектеп» КММ-де оқу-жаттығу шарасы болып өтті.
 
Шара барысында төтенше жағдай бойынша мектепте дабыл соғысымен оқушылар мен ұстаздар түгелдей эвакуациялық ережеге сәйкес іс-әрекет жасап, ашық алаңқайға жиналды. Арнайы белгіленген посттарда төтенше жағдайға байланысты кезекшілік жасаған жоғарғы сыныптың оқушылары кәнігі құтқарушылардай әрекет жасады. Жарақат алғандарды қауіпсіз аймақтарға жеткізді. Қауіпсіз аймақта мектеп медбикелері жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жарақаттың түрі мен қауіптілігіне қарай таңу жолдарын оқушыларға түсіндірді.
 
«Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – айтып келмейтін апатты жағдайларда оқушыларымыз да, ұстаздарымыз да абдырап қалмай ережеге сай әрекет ете алатындықтарына көз жеткізу. Эвакуация барысында өзіне ғана емес, қасындағы сыныптас досына да көмектесу жолдарын үйрету болып табылады» дейді «Шақпақ" негізгі орта мектеп»  КММ-нің директоры  Айжамал Азимбетоваhttps://www.facebook.com/share/p/12JVgmijtVq/
 
Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты   «Шақпақ» негізгі орта мектебінің базасында өткен  «Біртұтас тәрбие » бағдарламасы аясында «Заманауи мектепте тәрбие қызметін ұйымдастырудағы инновациялық әдістер»  тақырыбында аудандық  семинарда  ағылшын тілі пән мұғалімі Джумабаева Ақбота 5-сынып оқушыларына 
 There is, there are құрылымы тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта пайдаланған 
әдіс-тәсілдері: 
“Mushrooms in the basket “
“Alphabet with cube”
“Asyk”
Сабақ барысында қазақ күйіне сергіту сәтін орындады. Оқушылардың сабаққа қатысу дағы белсенділіктерін және білімдерін 
домбыра әдісі арқылы бағалады.
 
 
 «Біртұтас тәрбие » бағдарламасы аясында «Заманауи мектепте тәрбие қызметін ұйымдастырудағы инновациялық әдістер»  тақырыбында аудандық  семинарда  бастауыш сынып  мұғалімі Асел Қалдыбекова  4-сынып оқушыларына Қазақ тілі пәнінен " Жіктеу есімдігі " тақырыбында ашық сабақ өтті.
Құндылық оның мақсаттары "Жасампаздық және жаңашылдық: тірі және жансыз табиғаттың байланысы.
Сабақ барысында  заманауи технология  Жасанды интелект арқылы мынадай әдіс тәсілдермен оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттырды.
"Серпілген сауалдар" 
" WORDWALL " платформасы арқылы өткен сабаққа шолу.
ЖИ әдісімен тыңдалым
Біліміңді қолдан әдісімен жазылым.
Жұптық жұмыс "бес кадр"
Ойлан ! Топтас! Ой бөліс! әдісі арқылы топтық жұмыс
"Табиғат құбылыстары" сергіту сәті
"Фудбол әдісі" топтық жұмыс
"Өздік жұмыс" симматикалық карта
Ақиқат және жалған әдісі арқылы сабақты бекіту 
Сабақ соңында оқушылар білім ағашына құстарды қондыру арқылы кері байланыс жасады.
 
«Біртұтас тәрбие » бағдарламасы аясында «Заманауи мектепте тәрбие қызметін ұйымдастырудағы инновациялық әдістер»  тақырыбында аудандық  семинарда  мектеп тәлімгері, еңбек пәнінің мұғалімі , 8-сынып оқушыларының сынып жетекшісі  Бағила Төребекова " Атадан өсиет, анадан қасиет " тақырыбында ашық тәрбие сағатын ата-аналар жиналысын өткізді.
Мақсаты:Ата -анамен бала арасындағы байланысты нығайту. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Ата-аналардың отбасылық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған прогрессивті дәстүрлерді дамыту.
Құндылықтар: Отбасы дәстүрлері мен құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және ата-аналардың балаларын тәрбиелеудегі ролін талқылау.
 Ата-аналар  "Мен кіммін?" әдісі арқылы өздерін таныстырды.
"Шаңырақ" әдісі арқылы "Шуақты күн" және "Көк ту"  болып екі топқа бөлініп отырды. 
"Таза жүрек" әдісі арқылы баламызға қоршаған орта қалай әсер ететінін жеткізді.
"Мен баламмен сырласамын" әдісінде жазылған хат және бейне баянның жалғасын айтуы керек.
"Қызықты фраза" әдісі арқылы мұғалім ата-ананың құлағына сыбырлап соңында сол сөз өзгергенін қортындылайды. Бала мұғалімнің айтқан сөзін басқаша түсініп сізге жеткізуі мүмкін сондықтан нақты не жағдай болғанын білмей, эмоцияға бой алдырмау керек екенін айтты.
Ата-аналарға арналған ашық тәрбие сағатын қортындылап,
кері байланысқа әр ата-анаға шам берілді. Шамға бүгінгі жиыннан алған әсерлерін немесе тілектерін жазу ұсынылды.
"Енді әрқайсы шамдарды ортаға әкеліп біріктіріп осы шамдарды қалай жақсақ, өз баламыздың да өмірін солай жарық болуына үлес қосайық. Бәріміз біріксек шамдардың сәулесі де анақұрлым жарқырай түсетінін ұмытпайық" деп мұғалім сөзін аяқтады.
 
«Біртұтас тәрбие » бағдарламасы аясында «Заманауи мектепте тәрбие қызметін ұйымдастырудағы инновациялық әдістер»  тақырыбында аудандық  семинарда бастауыш сынып мұғалімі  Жібек Қалмұратова  3-сынып оқушыларына "  Адалдық – асыл қасиет" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. 
Мақсаты: Оқушыларға адалдық туралы түсінік беру, адал болуға тәрбиелеу, өз пікірлерін еркін айтуға дағдыландыру.
Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап "Вордбалл" әдісі арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттерді атай отырып тақырып ашылды. 
 "Адалдықтың өтемі" тақырыбында видео ролик көрсетілді.
"Ой қозғау " әдісімен балалар қызықты  сұрақтарға жауап берді.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі  арқылы оқушылар өз ойларын жазып, сыныптастарымен бөлісті.
-Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып
оқушылар мағынасын ашып, өз ойларын айта алды. Оқушылар " Әже мен балалар " тақырыбына қызықты әрі мағыналы
сахналық көрініс көрсетті.
Топтық жұмыста
Оқушыларға түрлі өмірлік жағдайлар беріледі, олар адалдық тұрғысынан қалай әрекет ететінін түсіндірді. 
«Адал адам қандай болу керек?» постер жасау.Әр топ өз жұмысын қорғады.Қауіпсіздік сабағын да өтті. Жолда жүру ережесін түсіндірді.
" Бағдаршам " әдісімен кері байланыс жасады.
 
 
«Біртұтас тәрбие » бағдарламасы аясында «Заманауи мектепте тәрбие қызметін ұйымдастырудағы инновациялық әдістер»  тақырыбында аудандық  семинарда  физика пәнінің   мұғалімі Гулзира Артыкова  8-сынып оқушыларына физика пәнінен
 " Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар " тақырыбында ашық сабақ өтті.
Құндылық оның мақсаттары "Жасампаздық және жаңашылдық".
Сабақ барысында  заманауи технология  Жасанды интелект арқылы мынадай әдіс тәсілдермен оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттырды.
"Learningapp"  қосымшасы
Talkingco.de   қосымшасы сабақты ашып, құндылықтарға негізделді
Кинометафра әдісі ЖИ видео көрсетілім
"Сенімді серіктес" топтық жұмыс
«Бірге ойлан, бірге жаса» әдісі жұптық жұмыс жасалып есептер шығарды
Kahoot  қосымшасы 
Сабақ соңында оқушылар Classroomscreen қосымшасымен  "Бағдаршам" арқылы кері байланыс жасады.
 
 
Ертегі тыңдау балалардың дамуына көптеген оң әсерін тигізеді. Жігерген әжелер алқасының мүшесі Құдайбергенова Сайлаукүл әже мектеп оқушыларына "Үш аю" ертегісін айтып берген кезде, балалардың танымдық, тілдік және эмоционалдық қабілеттері артады.
 
Ертегі тыңдаудың балаларға әсері:
 
1. Қиялын дамытады – Балалар кейіпкерлердің іс-әрекеттерін елестетіп, оқиғаны көз алдына келтіреді. Бұл шығармашылық ойлауды күшейтеді.
 
2. Тіл байлығын арттырады – Ертегі тыңдау арқылы балалар жаңа сөздер үйреніп, сөйлеу мәнерін жақсартады.
 
3. Құндылықтарды сіңіреді – "Үш аю" ертегісі арқылы балалар үлкендерді сыйлау, өзгелердің заттарына рұқсатсыз қол сұқпау сияқты маңызды әдеттерді меңгереді.
 
4. Зейінін күшейтеді – Ертегіні мұқият тыңдаған бала оқиға желісін есте сақтауға, себеп-салдарын түсінуге машықтанады.
 
5. Эмоционалдық дамуға ықпал етеді – Балалар кейіпкерлермен бірге қуанып, уайымдап, жанашырлық танытып, өз сезімдерін түсінуге үйренеді.
 
Мәдениет пен Салт-дәстүр күні аясында әженің ертегі айтуы балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, үлкендерді тыңдауға, ауыз әдебиетін сүюге ықпал етеді. Бұл – өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор шара.
 
 
 
 
"Шақпақ" негізгі орта мектебінде 2025 жылында 
14  күні "24 наурыз - Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне" орай мектеп мейір ағасы Ж.Нәсір,  "Ия, біз туберкулезді жеңе аламыз!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында туберкулезге қарсы күрестің маңыздылығын атап өтті. Ол туберкулездің алдын алу шараларының күшейтілуі қажеттігін және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын айтты. Және аймақ бойынша туберкулездің таралу жағдайына талдау жасап, соңғы деректермен таныстырды. Сондай-ақ, скринингтік тексерулердің нәтижелері мен науқастарды емдеу тәсілдері туралы баяндады.Туберкулез ең қауіпті инфекцияның бірі екенін және сақтық шаралары мен салауатты өмір салтын ұстау қажеттігі жөнінде ақпараттар берілді. Жиналыс соңында оқушылар өз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.https://www.facebook.com/share/p/15eLPNscim/
 
 
 
14 НАУРЫЗ - КӨРІСУ КҮНІ
 
   Бүгін, 14 наурыз - "Көрісу күні".
 Бұл күнді "Амал мерекесі" деп те атайды.
Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Мемлекет басшысы 2024 жылы мақұлдаған Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес жаңартылған форматта - Наурызнама онкүндігінің алғашқы мерекесі.
    Бұл күні халық бір-бірімен көрісіп, амандасып, ақжарма тілектерін арнайды.
Көрісу - үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ренішті ұмыттырып ,адамдарды жақындастыратын дәстүр.Осы мерекеге орай "Шақпақ" негізгі орта мектеп ұжымы "Амал келді-Жыл келді" атты көрісу мейрамын ұйымдастырды.
    Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы 
"Көрісу күні"  құтты болсын!
 
 
 
15 - НАУРЫЗ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ!
 
    Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. Халқымызда "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" деген тағылымды нақыл сөзі бар. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым - қатынасын көрсететін адамдардың бір - біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
    Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты "Шақпақ" негізгі орта мектебінің  7- сынып оқушылары  
2025 жылдың 15 наурыз күні "Наурызнама" онкүндік іс - шарасының жоспарына сәйкес "Жылы жүрек" тақырыбында қайырымдылық акциясына атсалысты. 
       Ізгіліктің бастауы - қайырымдылық. Қолынан келген көмегін аямай, акцияға қолдау білдіріп, көмек қолын созған оқушыларымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.
"Қайырымдылық – адамның жүрегін жылытатын ең асыл қасиеттердің бірі. Қарттарға көмек көрсету арқылы біз тек материалдық емес, рухани жылулық сыйлаймыз. Олардың дұғасы мен алғысы – біз үшін ең қымбат сый.
 
 
 
16- НАУРЫЗ Шаңырақ күні
 
16-наурыз «Наурызнама»  бойынша Шаңырақ күні. Бұл күні отбасы құндылықтарын,  бірлікті,  дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше мереке. 
Отбасы – бұл әр адамның өміріндегі басты құндылық, күш, қуат, жақсылық, үйлесімділік көзі. Қазақ халқы отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, оның білім берудегі және болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін терең түсінген. "Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш", "Баланың бас ұстазы – ата-анасы", "Отбасының сәні – сыйластық", "Ата – асқар тау, ана – бауырыңдағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ", "Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз" деген мақалдың өзі соның айғағы.
 
Отбасыларыңыз аман,  шаңырақтарыңыз биік болсын!https://www.facebook.com/share/p/1HT3xhgAbT/
 
 
 
 ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ, САЛТ-ДӘСТҮР  -  ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
 
17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». "Балалар кітапханасы" жобасы аясында бірге кітап оқу, ұсыну. Бұл күні халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Барлық іс-шалар мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады. 
   Халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, наным-сенімі мен ұлттық ұстанымын насихаттау ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тәрбиенің бастамасына айналды. 
   "Балалар кітапханасы" жобасы аясында осы маңызды күні балаларға кітап оқу, ұсыну және оқуды насихаттау басты мақсат болып табылады. Жобаның мақсаты – балаларға ұлттық әдебиетті таныстыру, кітап оқудың қызық әрі пайдалы екенін түсіндіру. Бұл шараның барысында балаларға қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы кітаптар ұсынылып, олармен бірге оқу іс-шаралары ұйымдастырылады. Осылайша, балалардың ұлттық мұраға деген құрметі мен сүйіспеншілігі артады, ал кітап оқу арқылы олар білім алады.
Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты "Шақпақ"  негізгі орта мектебінің кітапханашысы бастауыш сынып оқушыларына Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттап көрсете білдіhttps://www.facebook.com/share/p/18t7vGwGn2/
 
 
 
 18 НАУРЫЗ -НАУРЫЗНАМАНЫҢ ТӨРТІНШІ КҮНІ  - “ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ”
 
       “Шақпақ” негізгі орта мектебінде 2025 жылдың 18 наурыз күні- Наурызнаманың төртінші – "Ұлттық киім күні" аталып  өтілді. МАД тобы
   Іс шараның мақсаты :
 Қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту болып табылады.
      Жалпы, қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұксамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік. Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп — тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келген.
     Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өткізілген «Ұлттық киім» күнінің маңызы өте зор.https://www.facebook.com/share/v/19S8HSdauq/
 
 
 "НАУРЫЗ-БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ"
 
            «Шақпақ» негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Наурыз мерекесіне сәйкес жаңартылған форматта - Наурызнама онкүндігінің іс-шара жоспарына сәйкес 20 наурыз күні "Жыл басы" күніне орай "Қош келдің Әз-Наурыз!" тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізілді.  
⚜️ Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары атап өтеді. 
Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
⚜️Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!https://www.facebook.com/share/p/1Xwo6m6s2T/
 
 
 
22 НАУРЫЗ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, «НАУРЫЗ БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ!» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
 
2025 жылдың 20 наурыз күні және Ынтымақ күні «Наурыз береке мен бірліктің бастауы» тақырыбында ерекше концерттік бағдарламалар мен іс-шаралар өткізілді. Бұл мерекелер еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін сақтап, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
☘️Наурыз – бұл табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың бастауы, ырыс пен ынтымақтың мерекесі!                  
Іс- шарада «ұлттық құндылықтарымыз», «қырқынан шығару», «бесікке салу»,«тұсау кесер»,«қыз қуу», «қыз ұзату»,«беташар»,«бата беру»,«асық ату»,  салт-дәстүрлері көрініс тапты. Дәстүрлі әндер мен күмбірлеген күйлер орындалды. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері насихатталды.
 
Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Ырыс пен береке, молшылық пен татулық әр шаңыраққа орнасын!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
     
 
 
 
 
 
© 2025 «Шақпақ негізгі ОМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі