Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Шақпақ негізгі ОМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі

МЕНЮ

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты "Шақпақ " негізгі орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай  «Мектебім – мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде өтті.

- Бүгін – баршамыз үшін ерекше мереке. Әсіресе, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн – өмірлік есте қалар сәт. Шәкірттерге білім мен ғылым жолындағы алғашқы қадамдарыңызға сәттілік тілейміз. Ұстаздарымызға – қажырлы еңбектері үшін зор алғыс, ата-аналарға – перзенттерінің болашағына деген қолдаулары үшін алғысымды білдіреміз. Еліміздің ертеңі – білімді де тәрбиелі ұрпақтың қолында.
 

 

📌  «Шақпақ »  негізгі орта мектеп » коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде  2025  жылдың  26  тамыз  күні  педагогикалық кеңес  болып  өтті.

«Білім келешегі : адал азамат- кәсіби маман»  
Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді  қамтамасыз ету, 2025-2026 оқу жылына педагогикалық, ұжым  қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.  
Қатысушылар: «Өрлеу » БАҰО-ның өкілі Медетова Лаура, мектеп әкімшілігі, педагогтер, хатшы.
 
КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:
1.  Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2.  Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3.  Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.
4.Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson Study тәсілін енгізу. 
    
            «Өрлеу» БАҰО-ның тренері  Медетова Лаура  биылғы оқу жылының басталуымен құттықтай келе, 2025-2026 оқу жылының ең ерекшелігінің бірі  президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев Кемелұлының тамыз конференциясына қатысып, ұстаздарға  ерекше  көңіл  бөлінетіндігін, сондай ақ ұстаз мәртебесі жайлы кеңірек айтып өтті. 
       Келесі мәселе  бойынша  директордың оқу ісі  жөніндегі  орынбасары Б. Үсіпбаев директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Нұсқабаева баяндама   оқыды және  2025-2026 оқу жылындағы ерекшеліктер туралы»  слайдпен таныстырды.
             
📚Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, қаулы қабылданды. 
✨ Жаңа 2025–2026 оқу жылы табысты басталып, ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, оқушыларымызға зор жетістік әкелсін! https://www.facebook.com/share/p/1CacJnRsf9/

 

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне 30 жыл толуына орай Қазығұрт аудандық әжелер алқасының ұйымдастыруымен «Отаным – Қазақстан» атты тағылымды іс-шара өтілуде .

Іс-шара барысында Қазақстан тәуелсіздігінің ең қастерлі нышандары – Мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Балаларға рәміздерді құрметтеу, оларды дәріптеу арқылы Отанға сүйіспеншілік пен патриоттық сезім қалыптастыру көзделді.
Мақсаты:
1. Балалардың бойына елге деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты сіңіру.
2. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу.
3. Конституцияның, тәуелсіздіктің, ұлттық бірліктің құндылығын ұғындыру
 
© 2025 «Шақпақ негізгі ОМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі