Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Шақпақ негізгі ОМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі

МЕНЮ

«Алтын тұғыр» байқауындағы жетістігіміз! 🏆

 
Шақпақ негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері
білім мен тәжірибе сайысында ерекше көзге түсіп,
«Алтын тұғыр» байқауында жоғары нәтижелерге қол жеткізді! 🎉
 
🥇 Ибракова Жанат және Калдибекова Асел апайларымыз — І орын,
🥉 Шауполатова Камила апайымыз — жүлделі ІІІ орын иегері атанды! 👏
 
Бұл ұстаздарымыздың еңбегіне, ізденісіне және шығармашылығына берілген лайықты баға! 💐
 
💫 Ұжым атынан жеңімпаз апайларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жемісті еңбектеріңіз бен табыстарыңыз көбейе берсін! 🌷
WhatsApp Image 2025 11 03 at 13.07.55            
 
 

 

Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі базасында 2025 жылғы 29-қыркүйек күні ұлағатты ұстаз Бақтияр Төлтебаев атындағы математика пәнінен 6-сынып оқушыларына арналған атаулы пән олимпиадасы болып өтті.

 
Атаулы пәндік олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, білімді де зерек шәкірттердің қабілетін шыңдау, талантты оқушыларды қолдау болып табылады.
 
Олимпиадаға аудан мектептерінің үздік оқушылары қатысып, өзара білім сайысына түсті. Қазылар алқасының әділ шешімі бойынша Шақпақ негізгі орта мектебінің 6-сынып оқушысы Ахмет Рауан Айбекұлы үздік нәтижеге қол жеткізіп, І орын жеңімпазы атанды.
 
Жеңімпазды дайындаған математика пәнінің мұғалімі Г.Абжалиеваға да алғыс білдірілді.
 
Бұл жетістік – ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегінің жемісі.
Жетістіктер құтты болсын!
WhatsApp Image 2025 11 03 at 13.22.27
© 2025 «Шақпақ негізгі ОМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі